Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз - министр

28 Наурыз 2020, 16:44
2132
Бөлісу:
Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.

Коронвирустың таралуы үдеп барады. Бір түнде қырықтан аса адамнан анықталуы алаңдататын жағдай. Вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жатты. 1 899 адам стационарлық карантинде жатыр, үш жарым мың адам үй карантинінде. Алты мыңнан аса адам ауырғандармен байланыста болған, олардың 95%-і анықталды. Қазір біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр, - деді Абаев.

Ол індет өршіп тұрған Италиядағы жағдайды мысал етті.

Өзге елдердегі жағдайға қараңыздар. Италияда бір күнде 960 адам қайтыс болды. Оның барлығы сақтық шарасына салғырт қараудың салдары. Бұл жағдай бәрімізге сабақ және ескерту болуы керек. Коронавирус әсіресе жасы үлкен адамдарға қауіпті. Олардың ішінде атамыз бен әжеміз, атамыз бен анамыз бар. Өзіміз үшін қорықпасақ та, ең болмаса сол үлкендерімізді ойлайық. Кейбір адамда ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін, ондай адамдар үйде отырмаса, өзі білмей басқа адамдарға жұқтырады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуыңыз мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде індет жұқтырған 204 адам тіркелген болатын. Олардың 15-і жазылып шығып, бір адам қайтыс болған еді.

Өзгелердің жаңалығы