Гренландияда астанасында жаппай наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Sermitsiaq таратқан мәліметке сәйкес, Нуук қаласының көшелерінде мыңдаған адам Дональд Трамптың бастамасымен АҚШ тарапынан Гренландияға басқындық жасалуы мүмкіндігін ескеріп, көшеге шықты.
Сисимиут қаласында да халық акцияны қолдаған.
Митинг қатысушылары ағылшын тілінде: "Yankees, go home!" және "We are not for sale" ("Янки, үйлеріңе қайтыңдар!" және "Біз сатылмаймыз") деген жазулары бар плакаттарды ұстаған.
Көптеген мәселе бойынша біздің пікірлеріміз үйлеспеуі мүмкін, бірақ бұл тұрғыда – біз біргеміз, - деді жуырда парламент сайлауында жеңіске жеткен Demokraatit ("Демократтар") партиясының көшбасшысы Йенс-Фредерик Нильсен.
Бұған дейін Дональд Трамп Дания премьер-министрі Матте Фредериксенмен телефон арқылы ұрсысып қалған болатын. Оған Гренландияның егемендігі мәселесі себеп болған. 45 минутқа созылған әңгімеде АҚШ президенті Гренландияны бақылауға алғысы келетінін алға тартқан.