Біз қаржылай және тауар түрінде гуманитарлық көмек берумен ғана шектеліп қалмаймыз - Тоқаев

16 Наурыз 2023, 17:50
587
Бөлісу:
Біз қаржылай және тауар түрінде гуманитарлық көмек берумен ғана шектеліп қалмаймыз - Тоқаев

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі басқосудың «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» деген тақырыпта өтуі бекер емес. Қазір жер жүзінде табиғи және техногендік апаттар көбейіп жатыр. Бұл жағдай өте өзекті халықаралық мәселенің біріне айналды. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан гуманитарлық шаралардан шет қалған емес. Еліміз табиғи апаттан зардап шеккен елдерге үнемі қолдау көрсетеді, - деді Тоқаев.

Президент ұйым хатшылығы және мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайта түсу қажет екенін айтты.

Біз қаржылай және тауар түрінде гуманитарлық көмек берумен ғана шектеліп қалмаймыз. Бұдан бөлек, құтқарушыларды жіберіп, апат салдарын жоюға белсене атсалысамыз. Жалпы, түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек. Сондай-ақ, Ұйым хатшылығы және мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайта түсу қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы