Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз отыз жыл бойы көптеген мәселеге салғырт қарап келдік. Мұндай пікірді елордада "Ұлттық кеңес. Ұлттық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында қоғам қайраткері, Сейдахмет Құттықадам айтты.
Осы кезге дейін туындаған мәселелерді жылы жабуып, "бәрі дұрыс", "бәрі орынында" деп өзімізді алдаумен келдік. Мәселенің себебін анықтап, тереңіне бойлаған жоқпыз. Қазір әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріу үстінде. Біз де осы кезде бұған дейін жіберген қателіктерімізді саралауымыз керек. Тәуелсіздік алған жылдары билік басындағы ағаларымыз, "біздің байлық жетеді, әлемнің бай мемлекеттерін басып озамыз" деген. Қазіргі жағдай олай болмағанын көрсетіп отыр, - дейді қоғам қайраткері.
Сондай-ақ оның айтуынша қазіргі көпұлтты Қазақстан деген жалған ұранды қоюымыз керек.
Кеңес уақытында айтылған осы сөзді біз әлі қолданып келеміз. Кеңес Одағы кім еді, біз кімбіз? Ол кезде қаншама автономия, қаншама ел болды. Ал бізде қазір 70% қазақтар өмір сүріп жатсақ та «көпұлтты мемлекетпіз» дейміз. Ашығын айту керек, бұл елдің, жердің иесі қазақ. Барлық этностар бірінші өздерін емес қазақты ойлау керек. Ал қазақтар оларды ойлау керек. Біз бірімізді ойласақ қана бір тұтас бола аламыз. Бүгінгі жүйеде бәрі керісінше. Әр этнос өздерін ойлайды. Ең кедей, үйсіз жүргендер, бірінші болып қудаланып, жауапқа тартылатын да қазақтар. Өзге этностар қазаққа жоғарыдан қарайды. Себебі, биліктің өзі солай жасап отыр. Қазіргі жаңа билік осы жүйені өзгерту керек. Қазақ халқы ешқашан өзге ұлттардың кеудесінен итерген емес. Бір нанын бөліп беріп, құшағын ашып қарсы алған. Соларды ел қатарына қосқан. Еліміздегі өзге эностар елдің алдында осы сөздерді айтып алып, өз арасында басқаша сөйлейтіні дұрыс емес, - деді Сейдахмет Құттықадам.