Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
А. Цой Якуп Беришке кездесуге арнайы уақыт бөлгені үшін, тараптар арасындағы табысты қарым-қатынас пен денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобалар үшін алғыс білдірді.
Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда БҰҰДБ арқасында 2015-2016 жылдары ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күреске арналған жаһандық қордың гранттарын орындауда ҚР ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес және әлеуметтік даму жөніндегі республикалық орталықтың әлеуетін қолдау және дамыту бағдарламасы іске асырылғанын еске салды. Ұйым 2017-2019 жылдары Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының әлеуетін дамытуды қолдады. Қазіргі уақытта 2023 жылға дейін әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік препараттарды сатып алу бойынша бірлескен жоба іске асырылуда.
БҰҰДБ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарлама шеңберінде әріптестікті одан әрі нығайтуға үміттенеміз, негізгі басымдықтарының бірі - халыққа, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызмет сапасын арттыру,- деді БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.
Кездесу барысында БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының тұсауы кесілді.
Денсаулық сақтау министрлігі жоғары сапалы дәрі-дәрмек сатып алу тиімділігін арттыру жөніндегі бастамаларды, дағдарыстарға дайындықты, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қолдайды. Сондай-ақ, біз БҰҰДБ-ның халықаралық қаржы мекемелерінің ресурстарын тартуға және жаһандық құралдарды пайдалануға қатысты тармақты енгізу жөніндегі бастамасын қолдаймыз, бұл COVID-19 дағдарысына байланысты әлеуметтік-экономикалық саладағы растау болды, - деді А.Цой.
Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның БҰҰДБ-мен ынтымақтастықты тұрақты негізде одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.