Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биылғы оқу жылында оқушылар қалай демалады?

28 Шілде 2025, 08:54
1633
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Ал Білім күніне арналған салтанатты жиынның күні мен уақыты әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады.

Тоқсанаралық демалыстар келесідей болады:

Күзгі каникул:

  • 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша (7 күн);

 Қысқы каникул:

  • 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар (10 күн);

1-сынып оқушыларына қосымша демалыс:

  • 2026 жылғы 9-15 ақпан (7 күн);

Көктемгі каникул:

  • 2026 жылғы 19-29 наурыз (11 күн).

Оқу тоқсандарының ұзақтығы:

  • І тоқсан – 8 апта;
  • ІІ тоқсан – 8 апта;
  • ІІІ тоқсан – 10 апта;
  • IV тоқсан – 8 апта.

Министрлік оқу процесін ұйымдастыру барысында білім алушылардың оқу жүктемесін теңдестіріп, олардың физикалық және психологиялық денсаулығын ескеруге баса назар аударып отыр.

Өзгелердің жаңалығы