Биылдан бастап талапкерлер математика-информатиканы тапсырады

13 Ақпан 2023, 12:36
1075
Бөлісу:
Биылдан бастап талапкерлер математика-информатиканы тапсырады

Биылдан бастап талапкерлер математика-информатиканы тапсыра алады. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға осындай комбинацияны енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.

Биыл сұрақтардың сапасын жақсарту мақсатында жауап нұсқаларының саны азайтылды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалардың саны 5-тен 4-ке дейін, ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында, әсіресе бейінді пәндерде 8-ден 6-ға дейін азайтып отырмыз, - деді Руслан Емелбаев.

Ол биылғы ҰБТ-ның басты жаңалығына тоқталып өтті.

ҰБТ-ның биылғы бұрын-соңды тарихында болмаған ең басты жаңалығы – жаңа пән комбинациясының енгізілуі. Бұл – информатика пәні «математика-информатика» комбинациясы бойынша. Ақпараттық технология, ақпараттық қауіпсіздік және информатика пәні мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша талапкерлер енді 2023 жылдан бастап математика-информатика комбинациясын тапсырады, - деді орталық директоры.

Бұған дейін талапкерлер математика-физика комбинациясын тапсырып келген. 

Математика-физика комбинациясының биыл енгізілуіне байланысты оқу жылының басында информатикаға қатысты 84 терминді 3 тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияладық. Себебі информатиканы тапсыру кезінде терминдерді білу өте маңызды, - деп түсіндірді орталық директоры брифингте.

Өзгелердің жаңалығы