Биыл жұмысқа орналасқандар саны 27,8%-ға өскен

21 Қараша 2020, 01:23
2635
Бөлісу:
Биыл жұмысқа орналасқандар саны 27,8%-ға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында жұмыспен қамту органдарының көмегімен 466,5 мың қазақстандық жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Оның 279,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. 17,9 мың жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, білім беру ұйымдарының 30,9 мың түлегі жастар тәжірибеден өтуге, 15,4 мың адам кәсіптік оқытуға жіберілді. 138,5 мың адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Ресми дерек бойынша, жұмысқа орналасқан азаматтар саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 27,8%-ға өсті.

Жұмысқа орналасқандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап отыр: бір жыл ішінде көрсеткіш 91,9%-ға артқан. Одан кейінгі орындарда – Жамбыл мен Ақтөбе облыстары. 

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында Алматыдағы жұмыспен қамту орталығына  66,7 мың адам жүгінген. 2019 жылы бұдан 37,5%-ға кем болған еді.

Өзгелердің жаңалығы