Биыл жазда «жер инспекторының кабинеті» іске қосылады – министр

26 Сәуір 2022, 11:51
1696
Бөлісу:
Биыл жазда «жер инспекторының кабинеті» іске қосылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста белгілі болды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Министр қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатқанын хабарлады.

«Жер инспекторының кабинеті» жасалды, ол әр жерден алынған деректерді талдап, жер учаскесін ұтымсыз пайдалану белгілерін анықтауға және осындай фактілерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады. Мемлекеттік бақылау әдістерінің пысықталуын ескере отырып, биыл мемлекетке қайтарылған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жоспарлануда: 2021 жылы 1,3 млн га қайтарылды, 2022 жылы кемінде 5 млн га қайтару жоспарда бар, - деді Қарашөкеев. 

Сонымен қатар министр ауыл шаруашылығы жерлерінің барлығын цифрландыру аяқталғаннан кейін ғарыштық мониторингтің тиімділігі жақсаратынын атап өтті.

 Бұл процесті 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы