Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл тарифтердің болжамды өсуі 15-20%-ға шектелген

15 Шілде 2025, 09:34
477
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Биыл тарифтердің болжамды өсуі 15-20%-ға шектелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, жаһандық турбуленттілік жағдайында да Қазақстан кредиттік рейтингтің инвестициялық деңгейін сақтап отыр.  

Осы жылдың ақпан айында S&P рейтингті BBB- деңгейінде растады, болжам «тұрақты». Екінші жартыжылдықтан бастап біз тәуелсіз рейтингті одан әрі арттыру үшін әлемдік рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды күшейтеміз. Рейтингтер нәтиже беруде. Маусым айында Қазақстан 2,5 млрд доллар сомасына еуробондтарды сәтті орналастырды. Бұл өткен жылдың қазан айында капитал нарығына оралғаннан кейінгі екінші орналастыру.

Осылайша, әлемдік инвесторлар біздің экономикамызға деген сенімді растауда, - деп атап өтті Серік Жұманғарин. Айтуынша, елдің инвестициялық саясатын үнемі жетілдіріледі.

Биыл шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жоспарлануда. Ол үшін біз белсенді тәсілді қолданамыз: Бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған өңірлік инвестициялық бағдарламалар қалыптастырылды. Олар шетелде инвесторларды назарға алу үшін негіз болады. Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі бойынша экономиканың басым салаларында 134 инвестор мемлекеттік қызметтерді жедел алудан өтті.

Біз «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатын дәйекті түрде іске асырып жатырмыз, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Ал реттелетін қызметтерге тарифтердің өсуі орта есеппен 14%-ды құраған.  Тарифтердің өсуі инфрақұрылымды жаңарту үшін ресурс береді: тек биыл ғана тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 150 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялар игерілді. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асады. Бірақ бұл ретте біз халық үшін жүктемені тежеудеміз: жоспарлы өсуді қайта қараудың арқасында биыл тарифтердің болжамды өсуі 15-20%-ға шектелген, - деді Серік Жұманғарин. 

Атап айтқанда: 

- электрмен және жылумен жабдықтау бойынша 35-тен 20%-ға дейін
- сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бойынша 50-ден 30%-ға дейін.

Біз ауқымды жекешелендіруді және мемлекеттік нысандарды бәсекелестік ортаға шығаруды жалғастырамыз. Әр түрлі секторларда 475 субъектіні жекешелендіруге арналған тізбе қалыптастырылды. Оңтайландыру нарықтың және нысандардың өздерінің дайындығына байланысты үш кезеңде жүргізілетін болады. Биыл жыл соңына дейін Мемлекеттік активтерді оңтайландырудың 2026-2030 жылдарға арналған жаңа жоспары бекітіледі, - деді ол.

Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы