Биыл Таразда 25 000 дана ағаш отырғызылады

15 Наурыз 2025, 06:35
22
Бөлісу:
Биыл Таразда 25 000 дана ағаш отырғызылады
Фото: baq.kz

Биыл Таразда «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі қала бойынша 2025 жылға арналған көгалдандыру жоспарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылға жалпы отырғызу жоспар-сметалық құжаттама бойынша 25 000 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды құрайды, оның ішінде:
* Қылқан жапырақты ағаштар – 1000 дана.
* Жапырақты ағаштар – 24 000 дана.
* Отырғызу тығыздығы 16 дана/60 дана/ м2 болатын жылдық гүлзарлар – 630 000 дана. (алғаш рет отырғызылады), -деп жазды мекеменің баспасөз қызметінен.

Бүгінде ағаш отырғызуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындық жұмыстарына 12 техника мен «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 72 қызметкері жұмылдырылған.

Сонымен қатар қаладағы бірқатар аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

- Қазіргі таңда көпірдің құрылыс жұмыстарына байланысты Абай даңғылынан бастап Балуан Шолақ көшесінің бойында 124 қылқан жапырақты ағаштарды қайта отырғызу жұмыстары аяқталды;
- Өсіп келе жатқан ағаштарға күтім жасау жұмыстары жүргізіледі: шұңқырларды қопсыту, діңді қопсыту («Ұлы Дала» шағын аудан, «Арай» шағын ауданы, Айша бибі көшесі);
- Көпжылдық және біржылдық гүлзарлар егілген жерлерде тыңайтқыштар енгізу жұмыстары жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы