Биыл Талдықорғанға 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған

21 Маусым 2022, 22:02
1157
Бөлісу:
Биыл Талдықорғанға 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бойынша 5 айдың қорытындысы шығарылды. Бүгінде қаланың қорына 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев айтып берді.

Биыл маусым айында «Айсулу» тігін фабрикасы іске қосылды. Жаңа 100 жұмыс орны ашылды. Ал тамыз айында "BARS TECHNOLOGIES" ЖШС газ блоктарын шығаратын зауытты іске қосу жоспарлап отыр. 800 миллион теңге инвестициямен, 80 жұмыс орны ашылмақ. Күзде «Алмаз керамикс» ЖШС керамикалық плиталар өндіру зауытын кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қазан айында аккумуляторлар шығаратын зауыты іске қосылмақ, – деді Әсет Масабаев.

2023 жылы  астық қоймасын, керамикалық және қаптау кірпіштерін шығаратын зауыт, автоклавты газоблоктарды өндіретін өнеркәсіп ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы