Биыл СҚО-да 900 шақырым жол жөнделеді

11 Тамыз 2024, 21:50
488
Бөлісу:
Биыл СҚО-да 900 шақырым жол жөнделеді
Фото: baq.kz

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 900 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа 70 миллиардтан астам теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысынан Ресейге шығатын «Челябі-Новосібір» бағытымен тәулігіне 2,5 мыңға жуық көлік өтеді. Биыл республикалық тасжолдың 14 шақырымын жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді.

Республикалық маңызы бар жолдың аумағы пайдалануға берілуге дайын. Оны арнайы құрылған комиссия мүшелері қабылдап алды. Жұмыс сапасын техникалық қадағалау ұйымы бақылады. Жолға 2 жыл кепілдік берілген6 – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОФ директоры Талғат Смағұлов.

Биыл облыс бойынша республикалық маңызы бар 200 шақырым тасжол жөнделеді. Қазір оның жартысына жуығы толық аяқталған. Қалғаны жаздың соңына дейін тапсырылады. Өңірде су тасқынынан жүруге жарамай қалған бағыттар да қалпына келтіріліп жатыр.

Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 5,2 млрд теңге бөлінді. Оған 10 жол аумағы қалпына келтіріледі. Сонымен қатар су өткізгіш құбырлар ауыстырылады. Барлық жобаның жұмыс сапасын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Олар асфальт сынамасын алып, зертханада тексереді, - дейді жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы басшысының м.а. Ерден Шортыбаев.

Өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары аясында 2026 жылға дейін 2 мың шақырым жол жөнделеді.

Өзгелердің жаңалығы