Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РММ бас директоры Сағдат Садықов мәлімдеді.
Биыл спорттың 115 түрі бойынша республикалық жарыстар өткізіледі, оның ішінде: спорттың 52 түрі бойынша XI жазғы Гимназиада, спорттың 22 түрі бойынша республикалық турнирлер, спорттың 10 түрі бойынша Ұлттық мектеп лигасының жарыстары, - деді орталық директоры.
Садықовтың мәліметінше, Ұлттық мектеп лигасының 41 жарысында 1-кезеңде 1 946 371 оқушы, 2-кезеңінде 776 964 және 3-кезеңінде 50 597 бала қатысты, ал ҰМЛ финалында бүгінге дейін өткен 7 сайыста 850 оқушы өнер көрсетті, алда 34 дода өткізіледі.
Былтырмен салыстырғанда ҰМЛ қатысушыларының саны 11,7%-ға артқан. Соңғы жылдары Ұлттық мектеп лигасының жарыстарында, әсіресе Маңғыстау және Атырау облыстарында айтарлықтай прогресс пен спорттық нәтижелердің өсуі байқалады. Республика көлемінде оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен қамту жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларымен жүзеге асырылады. Бүгінде 1 млн-нан астам бала секцияларда спорттың әр түрімен шұғылданады, бұл барлық білім алушының 41,3%-ын құрайды, - деп түсіндірді ол аппарат жиналысында.