Биыл Шығыс Қазақстанда 100 ауыл абаттандырылмақ

24 Қаңтар 2019, 11:59
2297
Бөлісу:
Биыл Шығыс Қазақстанда 100 ауыл абаттандырылмақ

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Облыс әкімдігінің кезекті отырысында өңір басшысы Даниал Ахметов аудан, қала әкімдеріне миллиард теңге қаржы бөлінген 100 ауылды абаттандыру жоспарын бір ай көлемінде дайындау жөнінде тапсырма берді.

«Бір ай ішінде аудан, қала әкімдері миллиард теңге қаржы бөлінген 100 ауылды абаттандыру жоспарын дайындауы тиіс. 100 дегеніміз үлкен сан және жүз ауылдың төртінші деңгейлі бюджеті бар. Біз оларға қомақты қаржы бөлдік, ендігі кезек жергілікті әкімдердің тарапында. Олар қай кезде қандай жұмыстардың атқарылатыны жайында егжей-тегжейлі жазылған жоспар дайындауы тиіс. Сондай-ақ, аудан, қала әкімдері сіздер істің толықтай бақылауға алынуын қамтамасыз етіңіздер. 100 ауыл әкімі тендерлік жұмыстар жүргізетін болады. Нәтижесінде бой көрсететін мәселелердің де аз болмайтыны белгілі. Мұндай жағдайда оларға қол ұшын созыңыздар», - деді Даниал Кенжетайұлы.

Естеріңізде болса, өткен жылдың 29 желтоқсанында ел Үкіметі мемлекеттік сатып алулар талабына бірқатар өзгерістер енгізген болатын. Осыған орай өзгеріс енгізілген құжатты әр әкімнің екі шоқып, бір қарауын тапсырған облыс басшысы аудан, қала басшыларына 4-деңгейлі бюджетке көшкен ауылдық округ әкімдеріне қолдан келген көмекті аямауды қайтара тапсырды.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ

 

Өзгелердің жаңалығы