Биыл ШҚО-да 11 мектеп жөнделеді

4 Ақпан 2022, 11:30
1361
Бөлісу:
Биыл ШҚО-да 11 мектеп жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда мектеп инфрақұрылымын жақсарту шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Білім басқармасының мәліметінше, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Сонымен қатар, былтыр Семей және Риддер қалаларында, Ұлан ауданында орын тапшылығы мәселесін шешу үшін төрт мектеп салынған. Биыл 10 мектеп пайдалануға берілмек, оның ішінде 6 ғимаратты көшірмек.

Бұдан басқа өткен жылы 1,1 млрд теңгеге жеті білім мекемесіне күрделі жөндеу, сондай-ақ 165 мектепте 1,2 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп кітапханалары, асханалар, жиһаздар да жаңартылды. Бұл мақсаттарға барлығы 5 млрд теңге бөлінді. Мектептердің компьютерлік паркі 33 мың бірлікке жаңартылды, бұл 1 компьютерге шаққандағы оқушы санының 6-дан 3-ке дейін төмендеуіне әкелді, – делінген ШҚО Білім басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ биыл Шығыс Қазақстанда 11 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы