Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота туралы сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауыл шаруашылығы жұмыс күшіне аса зәру. Маусымдық жұмыстар кезінде фермерлер мен аграршыларға жұмыс күші жетіспейді. Жергілікті халық жалақының төмен болуына байланысты бос орындарға жұмысқа тұруға құлықсыздық танытады, ал жастар болса ауыл шаруашылығы қызметкері мамандығын өте сирек таңдайды. Бүгінгі таңда аграршылар агроөнеркәсіптік кешен саласын одан әрі дамыту үшін шетелдік жұмыс күшіне квотаны ұлғайту - тығырықтан шығудың бірден-бір жолы деп есептейді, - деді депутат.
Әлішевтің айтуынша, 2024 жылға 22 мың көлемінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленді. Бұл ретте, жұмысшы мамандықтарға бөлген кезде небәрі 2 888 бірлік тиесілі болған, ал маусымдық жұмыстарға тек 2 366 адам тартылуы мүмкін, жеке тұлғалар үшін еңбек мигранттарын тартуға шамамен 270 мың адам көзделген.
Бұл тәсілдердегі айырмашылықты қалай түсіндіруге болады? Сонымен қатар тартылатын жұмыс күшінің мұндай көлемі өңірлердің жұмыс күшіне деген қажеттілігін жаба алмайтыны түсінікті. Квоталардың сандық және сапалық мазмұнына өзгерістер жоспарланған ба? – деп сұрады депутат Еңбек министрінен.
Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілінен саланы қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қандай тетіктер пысықтап жатқанын сүрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бүінде 22 мың квота бар екенін, бірақ оның 14 мыңы орындалғанын айтты.
Өзін жұмыспен қамтыған адамдар 270 мың адам квота ала алады. Ал қазіргі таңда маусымдық жұмысқа жаңадан квота беру қарастырылмаған. Біздің бірінші мақсатымыз – еңбек нарығын қорғау. Егер маусымдық жұмысқа адам әкесек, онда ұлттық қауіпсіздік бұзылуы мүмкін, - деп айтты министр.