Гранттар 47 бағыт бойынша беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын.
Осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:
Акушерлік және гинекология – 214
Анестезиология және реаниматология – 200
Неонатология – 119
Терапия – 115
Жалпы хирургия – 98
Неврология – 92
Психиатрия – 88
Оториноларингология – 83
Кардиология – 78
Офтальмология – 66
Жұқпалы аурулар – 63
Травматология-ортопедия – 62
Эндокринология – 55
Қалғандары – 1167