Биыл республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол салынып, жөнделеді

29 Наурыз 2022, 11:51
1263
Бөлісу:
Биыл республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол салынып, жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.  

Мына мәселелерді атап өткім келеді. Бірінші. Бүкіл әлем елдері жүктерді теміржол арқылы контейнерлермен тасымалдауға белсене көшіп жатыр, мұны әсіресе, Қытай бағытына қарай немесе сол жақтан шығатын жүктерден байқауға болады. Индустрия министрлігіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде жүктерді контейнерлермен тасымалдауға көшу мәселесін пысықтауды тапсырамын, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін ұлғайту қажет деп отыр. 

Осыған орай, Қаржы министрлігі Ұлттық экономика, Индустрия министрліктерімен, «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, тиісті жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтасын. Бірінші кезекте, бұл – Достық-Мойынты және Алматы айналма станциясына қатысты. Үшінші. Жылжымалы жүк вагондарының паркі жылдан жылға тозып келеді. Ал толыққанды теңіз сауда флотының болмауынан, теңіз логистикалық инфрақұрылымын толық қуатында пайдалана алмай отырмыз, - деді Премьер-министр.  

Сондықтан жылжымалы темір жол құрамдары мен теңіз паромдарын сатып алу және жаңарту үшін қолдау шараларын әзірлеу қажеттігін алға тартты.  

Төртінші. Биыл республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол салынып, жөнделеді. Индустрия министрлігі «Қазавтожол» компаниясымен бірге биылғы құрылыс маусымын барынша тиімді пайдаланып, жоспарланған 8 учаскенің барлығын іске қосуды қамтамасыз етсін. Бесінші. Транзиттік тасымал әлеуетін арттыру үшін шекарадан өту кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайту қажет. Кедендік-шекаралық рәсімдерді мүмкіндігінше жеңілдету керек, - деді Әлихан Смайылов.  

Өзгелердің жаңалығы