Қызылорда облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 126 қылмыс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
102 мобильді қосымшасына 25 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді.
Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарды. Биыл бейнебақылау камераларымен 44 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 36 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. "Мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық дерегін, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам дерегін, қоғамдық орындарда тиісудің 300 фактісін тіркеді, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.