Биыл Қорғаныс министрлігі 100-ден астам жауынгерлік және әуе техникасын сатып алды

2024 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі 100-ден астам жауынгерлік және әуе техникасын сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 30 Желтоқсан 2024 2024, 20:53
30 Желтоқсан 2024 2024, 20:53
1128
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі 100-ден астам жауынгерлік және әуе техникасын сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы аясында биыл Қазақстан армиясы 100-ден астам заманауи жауынгерлік машиналарды, авиациялық және басқа да техниканы, оның ішінде: 53 "Арлан" БКМ (Қазақстан), 45 бірлік COBRA II БКМ (Түркия), А-400 ауыр жүк әскери-көліктік ұшағын (Испания), "Шапшаң" көліктік-десанттық қайығын (Қазақстан) сатып алды. Бұдан басқа, Қазақстан армиясының қаруындағы 85 бірлік әскери техникаға күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізілді.

Наверх