Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл Қазақстанға 7,5 млн шетелдік келді

Жансая ҚАМБАР
22 Шілде 2025, 12:12
467
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 7,5 млн-нан астам шетелдік келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың адамға көп, ал елімізден шығып кеткендердің санынан 300 мың адамға артық екенін мәлімдеді.

Келушілердің 90%-ы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің азаматтары. 2,8 млн адам Өзбекстаннан, 1,7 млн адам Қырғыстаннан және 1,5 млн адам Ресейден, - деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында. 

Бүгінгі таңда елімізде 212 мың шетел азаматы тұрақты тіркелген.

Соңғы үш жылда тұрақты тіркелген шетел азаматтарының саны 42%-ға көбейген. Егер 2022 жылы олардың саны 148 мың болса, 2025 жылы 212 мыңға жетті. Өзге елдің азаматтарының ең көбі Алматы қаласында (42 мың), Алматы облысында (32 мың) және Астана қаласы мен Қарағанды облысында (17 мыңнан) тұрып жатыр, - деді Бауыржан Әленов. 

Қазіргі таңда 87 мемлекеттің азаматтары елімізге визасыз кіре алады, бұл олардың сапарын жеңілдете түседі. Одан бөлек, 107 елдің азаматтарына электрондық виза қолжетімді. Соңғы уақытта 9 мыңнан астам электронды виза беріліп, 270 млн теңге жиналды.

Өзгелердің жаңалығы