Түркиядан үй сатып алған Қазақстан азаматтарының саны биыл да артты. Әсіресе жаз маусымында шет мемлекеттен пәтер сатып алған отандастарымыз көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Бұл туралы Түркия жер кадастры басқармасының бүгін жариялаған есебінде жазылған.
Азаматтар биыл 1600-ден аса тұрғын үй сатып алған. Маусымда 318 пәтер, шілдеде 190 үй саудаланған.
Тіпті Түркияның ең көп пәтер алатын шетелдіктер тізімінде біздің ел биыл алтыншы орыннан төртіншіге көтерілді.
Қазақстаннан бөлек, Ресей, Иран, Ирак, Германия азаматтарынан да бауырлас елдегі тұрғын үйге сұраныс жоғары.