2022 жылдың он айында косметика өнімдердің 5 679,4 тоннасы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Импорт 0,5%-ға азайды. Қаңтар-қазан аралығында сырттан 57 395,2 тонна парфюмерия мен косметика әкелінген.
Ұлттық статистика бюросы дерегіне сәйкес, ішкі нарықта биыл 60 829,2 тонна парфюмерия мен косметика сатылған. Экспортқа 2 245,4 тонна сұлулық құралы жөнелтілді.