2024 жылы елімізде 22 халықаралық бағыт бойынша 6 жаңа қалаға 12 рейс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, әуе нарығына 4 шетелдік лоукостер кіреді.
Халықаралық әуе рейстерінің саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта 31 елдің 58 қаласына 119 бағыт бойынша рейстер орындалады. Биыл 16 жаңа бағыт ашу жоспарлануда. Олардың қатарында Рим, Мюнхен, Будапешт, Шанхай, Гуанчжоу, Пусан (Оңтүстік Корея) және басқа да қалалар бар. Қазақстанның халықаралық әуе нарығына 4 жаңа шетелдік лоукостердің келуімен жолаушыларға бюджеттік әуе бағыттарын ұсыну мүмкіндігі артқан. Олар, SpiceJet (Үндістан), Eastar Jet және T’way Air (Оңтүстік Корея), ThayAirAsia (Тайланд). Өткен жылы "ашық аспан" режимі Қызылорда, Қостанай және Атырау әуежайларында енгізілді және барлық халықаралық әуежайларда жұмыс істеп жатыр,-деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін өткен жылы елімізде қазақстандық әуе компаниялар 14 млн-нан аса жолаушы тасымалдағаны туралы жазған болатынбыз.