Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты.
2022 жылы жалпы егіс алаңы 23 млн 100 мың гектарды құрайды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 125 мың гектарға көп. Өндірісті әртараптандыру мен мономәдениеттен кету жалғасып жатыр. Осыған байланысты бидай алаңы 285 мың гектарға азайтылады. Жем-шөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн гектарды құрады, - деді ол.
Сапаров атап өткендей, Үкіметтің мақтамен күрес сияқты суды көп қажет ететін дақылдарды азайту туралы тапсырмасы бар.
Алайда Түркістан облысында мақта алқаптары 5 мың гектарға өсімі байқалады. Оның негізгі себебі 2021 жылғы сатып алу бағасының 2020 жылға қарағанда 220 мың теңгеге артық болуы (тоннасына 350 мың теңге).Күріш бойынша алқап көлемі 6,5 мың гектарға азайып, 89,9 мың гектар егілетін болады, - деді ол.