Биыл Павлодар облысында 95 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

4 Маусым 2024, 10:54
353
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысында 95 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Биыл Павлодар облысында әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 95 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жазғы кезеңде көшелер мен автожолдарда мотоциклдердің саны артып, салдарынан жол апаттары жиілейді. Статистикаға сәйкес, жеңіл автомобиль жүргізушісіне қарағанда мотоцикл жүргізушісі үшін өлім қаупі жиырма есе жоғары. Көп жағдайда ЖКО-ны жүргізуші куәлігі және мотошлемі жоқ адамдар жасайды. Осы жылдың басынан бастап әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 95 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. 

Мысалы сағат 01:20 шамасында облыс орталығындағы Кирпичная көшесінде скутер жүргізушісі тәуліктің қараңғы уақытында шағылыстыратын жарықсыз мотоцикл жүргізген. Жүргізуші жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартылды, 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков. 

Полицейлер еске салады: 16 жасқа толған және А1 кіші санатты жүргізуші куәлігі бар адамдарға квадроциклдерді басқаруға болады. Сол санатқа мотоциклдер, трициклдер, мопедтер, ішкі жану қозғалтқышының жұмыс көлемі жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және максималды қуаты он бір киловаттан аспайтын максималды құрылымдық жылдамдығы сағатына елу километрден асатын скутерлер жатады. 

Жол ережесіне сәйкес, жол жүру бөлігіне велосипедпен шығуды 14 жастан асқан адамдар, ал скутерде, мопедте – 16 жастан бастап жүзеге асыра алады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін осы санаттағы жүргізушілер басқа көлік құралдарының барлық басқа жүргізушілері сияқты жауапқа тартылады.

Өзгелердің жаңалығы