Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осакаров ауданында биыл 156 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы ақпараттық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте аудан әкімі Нүркен Көбжанов мәлім етті.
Өткен жылы Осакаров ауданында 6,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,8 есе көп.Биыл инфрақұрылымы бар алты 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Осакаровкадағы екі пәтерлі алты тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы тағы екі 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, оларды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша, 2021 жылы 156 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған, – деді Нүркен Көбжанов.Сондай-ақ осы жылы Осакаровка кентінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар тағы төрт 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуі тиіс.
Республикалық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін он пәтер сатып алу жоспарлануда.