Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Оқу жылы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қашықтан басталады. 1 қыркүйекте мектептерде Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған онлайн линейкалар өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаларға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатыса алады. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, балалар мен педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында, 1-11 сыныптарда мектептерде қашықтан оқыту жүргізіледі, - деді Аймағамбетов.Тамыз айының соңына қарай алынған деректерге сәйкес, балалардың 80% қашықтан оқиды, бұл 2,6 млн оқушы, 15% - 530 мың бала «кезекші сыныптарға» балады, 5% - яғни, 202 мың бала дәстүрлі форматпен оқиды.