Биыл неше газ құбыры жөнделеді

16 Шілде 2024, 10:25
389
Бөлісу:
Биыл неше газ құбыры жөнделеді
Фото: pixabay.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында газ саласындағы жұмыстар жайлы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«QazaqGaz» ҰК АҚ газбен апатсыз және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында газ тасымалдау жүйесін 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Магистральдық бөлікте Бозой, Ақыртөбе, Полторацкое 3 жер асты газ қоймаларын газбен толтыру жүргізілуде. Олар қысқы тұтынудың жоғарғы көрсеткіші кезеңдерінде буферлік қызмет атқарады, - деп айтты министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар 182 ақауы бар құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Таратушы газ құбырларында жабдықтарды жөндеу, газ құбырларын тексеру жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы газ тасымалдау жүйесін жылыту маусымына дайындау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, 15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарда бар, - деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.

Өзгелердің жаңалығы