Мүгедектер мен асыраушысынан айрылғандарға жәрдемақы және әлеуметтік төлем түрінде 404 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады , деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйеніп.
Биыл мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 357,3 млрд теңге жұмсалды.
Бұған қосымша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 46,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем жасалды.
Биыл мүгедектігі бойынша 539,7 мың адам, асыраушысынан айырылған шамамен 186,5 мың адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алды, – делінген хабарламада.
Биылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7%-ке өсті.
Сонымен қатар еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері де 7%-ке артты.
Мәселен, биыл жалпы 1-топ мүгедектігі үшін – 95 496 теңге, 2-топ үшін – 76 397 теңге, 3-топ үшін – 52 089 теңге жәрдемақы төленеді. Биылғы 1 тамызда еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 57 685 теңге, ал асыраушысынан айырылу бойынша 60 644 теңге болды.