Биыл мемлекеттік меншікке 2 млн га пайдаланылмаған жер қайтарылады

Кеше, 20:27
160
Бөлісу:
Биыл мемлекеттік меншікке 2 млн га пайдаланылмаған жер қайтарылады
Фото: gov.kz

АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылатын болады.

Мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларының жалғасында көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілетін болады. Бұл климаттың өзгеруімен күресудегі және топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызды қадам.

2024-2030 жылдарға арналған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Құжат 2024 жылы бекітілді. Ағымдағы жылы жердің тозуына қарсы күреске баса назар аудара отырып, Жол картасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс - қимыл жоспарларын бекітуге ерекше назар аударылатын болады, - деп хабарлады ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.

Сондай-ақ Комитет заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Парламентте қаралып жатқан «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл топырақты қорғау, олардың сапасы мен құнарлы қабатын сақтау мәселелерін реттеудегі негізгі құжат болады.

Өзгелердің жаңалығы