Биыл мемлекет меншігіндегі 139 объект сатылады – ҰЭМ

5 Ақпан 2019, 11:11
2428
Бөлісу:
Биыл мемлекет меншігіндегі 139 объект сатылады – ҰЭМ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осы жылы мемлекет меншігіндегі 139 объект сатылатынын мәлім етті.


Биылғы жылдың 30-қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойған.
Осы орайда Тимур Сүлейменов  экономиканы одан әрі жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Ағымдағы жылы 139 объектіні сату жоспарланып отыр. Қазатомөнеркәсіптің ІРО-ны табысты өткізу тәжірибесін ескере отырып, Қазақтелеком, Эйр Астана және Самұрық-Энерго компанияларының акцияларын сату жоспарлануда», - деді ол.

Сонымен қатар министр 2019 жылы жекешелендіру бағдарламасына қосымша 48 объект қосылатынын жеткізді.

«Осыған байланысты, мүдделі мемлекеттік органдарға осы жылдың 1-наурызына дейін осы объектілерді ағымдағы жылы сату бойынша жол карталарын әзірлеуге тапсырма беруді қажет», - деді Сүлейменов.

Сондай-ақ ол экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына сәйкес мемлекеттік меншік құрылымын коммерциялық және коммерциялық емес деп нақты заңнамалық бөлу арқылы оны реформалау қаралатынын жеткізді.

«Монополияға қарсы реттеуді ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіру, сондай-ақ Yellow Pages қабылданған қағидаттарды ұстану бойынша жұмыс жалғастырылады. Министрлік мемлекетік заңды тұлғалар үшін рұқсат берілген қызмет түрлерінің санын 16%-ке немесе 55 түрге қосымша қысқарту туралы ұсынысты Үкіметке енгізді», - деп түйінедеді сөзін министр.

Осыған дейін Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру үшін тиісті жұмыстарды жүргізетінін хабарлағанбыз.
Дәурен ЕРБОЛАТҰЛЫ
Өзгелердің жаңалығы