Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінде құжаттарды қабылдау аяқталды. Берілген өтініштердің саны өткен жылдың көрсеткіштерінен екі есе көп.
Колледж директоры Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, медициналық мамандықтарға деген сұраныспен қатар талапкерлер тарапынан да қызығушылық артқан.
Биыл 1500-ге жуық адам құжаттарын тапсырды. Қабылдау онлайн режимінде 2020 жылғы 20 маусымнан 2020 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылды. Бұл үрдіс түсінікті, эпидемияның алғашқы күндерінен бастап барлық медициналық қызметкерлер майдан шебінде жұмыс істеуге тартылды. Шілде айында індеттің қарбалас уақытында 4500-ден астам медициналық қызметкерлер, атап айтар болсақ, дәрігерлер, мейірбикелер және зертханашылар ковидтік ауруханаларға жұмылдырылды. Әрине, барлық медицина қызметкерлері - бүгінгі күннің батырлары. Ал жастар үшін олар халықтың денсаулығын сақтауда тұрған ақ халаттылардың супер қаһармандарына айналды,-дейді директор.
Ересек тұрғындар арасында медициналық мамандықтарға сұраныс та артқанын атап өткен жөн. Сонымен, биыл талапкерлердің жасы 54 жасқа дейін өсіпті.
Биыл «Мейірбике ісі» мамандығына 482 талапкер ерекше қызығушылық білдірілді, бұл талапкерлердің 56,3% құрайды. 1981 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы негізінде Жоғары медициналық колледжі құрылды. Колледж жалпы мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер, медициналық зертханашыларды, дантистерді, фармацевттерді дайындайды. Біз практикалық денсаулық сақтауды қарқынды дамыту үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда жетекші білім беру ұйымы болуға ұмтыламыз, - дейді Светлана Сұлтанғазиева.
Әдетте, 9 және 11-сыныптан кейін оқуға түсуге өтініш бере алады. Оқу мерзімі 3 жылдан 4 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Барлық түлектер кәсіби техникалық білім туралы диплом алады. Колледжді бітіргеннен кейін мамандар бәсекеге қабілетті, тәуелсіз кәсіби қызметке дайын және Алматы қаласының медициналық ұйымдарында сұранысқа ие.
Жоғары медициналық колледж - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудің жетекші оқу орындарының бірі. Колледж оқытудың инновациялық технологияларын енгізе отырып, білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Колледж түлектері жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекеге түсіп, еліміздің медициналық ұйымдарында табысты жұмыс жасай алады.