Биыл Қазығұрт ауданында 100 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн&nbsp;теңге бөлінген.</h4>

 17 Ақпан 2021 2021, 07:21
17 Ақпан 2021 2021, 07:21
1843

Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн теңге бөлінген.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Негізінен 2020 жылы басталған нысан құрылысы биыл аяқталады. Нәтижесінде, 51 елді мекеннің 79,7% табиғи газбен қамту жоспарлануда. Тиісінше ол ауданның 102 235 тұрғыны немесе 95,4 пайызы.

Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі былтыр 92,2 пайызды құраған. Ал биылғы жылда 1 елді мекен (Тесіктөбе) ауызсумен қамтылмақ.

Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 6 елді мекеннің су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтеді.

Жалпы, аудан бойынша 60 елді мекен ауызсумен қамтылып, 93,7 пайызды құрайды деп күтілуде. Аудан халқының толықтай 100% таза ауызсумен қамтылуы 2023 жылға жоспарланған.



Наверх