Биыл Қазақстан мен Мексика арасындағы тауар айналымы екі есе артқан

9 Желтоқсан 2021, 11:17
1290
Бөлісу:
Биыл Қазақстан мен Мексика арасындағы тауар айналымы екі есе артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Мексика арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есе өскен. Бұл туралы бүгін екі ел арасындағы саяси консультациялар кезінде айтылды.  

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, онлайн кездесуде екі ел арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастардың күн тәртібі, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселесі талқыланды.

Мексика Қазақстанның Латын Америкадағы ең ірі серіктестерінің бірі болып табылады. Біз Мексикамен орнатылған серіктестікті достық, өзара құрмет және сенім рухында одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Екі ел арасындағы тауар айналымы жоғары динамиканы көрсетіп, 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге жуық өскен, – деді Нұрғали Арыстанов өз сөзінде. 
Тараптар БҰҰ алаңында және басқа да көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау жақсы екенін атап өтті. Шараға Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов пен Мексика Сыртқы істер министрлігі Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс департаментінің бас директоры Ампаро Эрендира Ангиано Родригес теңтөрағалар ретінде қатысты.
Өзгелердің жаңалығы