Биыл Еуропа мен Орталық Азия елдеріне 205 мың тонна бензин экспортталды – Ноғаев

9 Маусым 2020, 10:35
1686
Бөлісу:
Биыл Еуропа мен Орталық Азия елдеріне 205 мың тонна бензин экспортталды – Ноғаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 38,5 млн тоннаны құрап, жоспарға 100%-ды немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 105% құрады. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министр мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Жанар-жағармай нарығында тапшылық байқалмайтынын айтты.

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша 205 мың тонна бензин Еуропа және Орталық Азия елдеріне  экспортталды. Ішкі нарықты битуммен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында министрлік индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен 2020 жылға 983,8 мың тонна көлемінде битум өндірісінің кестесін бекітті, оның ішінде 524,4 мың тонна республикалық және 459,5 мың тонна жергілікті желілерінің қажеттілігі болып табылады, - деді ол. 

Министр битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша 294,5 мың тоннаны құрағанын айтты. 

Биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 24,82 млрд текше метрді құрады. Бұл 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларының жоспарына 101% немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 107% құрайды, - деді ол. 

Нұрлан Ноғаев айтқандай 2018 жылы маусым айынан бастап Атырау облысында 2,6 млрд АҚШ долларын құрайтын қуаты жылына 500 мың тонналық полипропилен өндірісі бойынша жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Биыл жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың жалпы прогресі – 66,58% (жоспар 79,3%). Жоспардан ауытқуы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты, бұл жабдықты жеткізу ырғағының бұзылуына, шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жолға қойылған жұмыс жүйесінің бұзылуына әкеп соқты, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы