Биыл елордалық колледждерде қанша студент оқиды

Кеше, 20:48
137
Бөлісу:
Биыл елордалық колледждерде қанша студент оқиды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық колледждерде 40 мыңнан астам студент білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Астана қаласында 32 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 23-і – жекеменшік. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты.

Спикердің мәліметінше, жаңа оқу жылында 40 мыңнан астам студент 73 мамандық және 121 біліктілік бойынша білім алуды жоспарлап отыр, оның ішінде 27 мың студент (67%) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша.

​2024 жылдың соңында 9,9 мың адам бітірді. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы өткен жылмен салыстырғанда 3500 орынға ұлғайды, бұл 8 бағыт бойынша 12000 орынға мамандықты құрайды. Қазіргі таңда колледждерге қабылдау жалғасуда. Байқау қорытындысы 23 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады, – дейді Серік Әділбаев.

Өзгелердің жаңалығы