Биыл елордада 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

13 Қаңтар 2021, 14:40
1628
Бөлісу:
Биыл елордада 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ел астанасының шеткі аймақтарына ерекше назар аударылып, дамуына айрықша көңіл бөлінеді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың шет аймақтарына ірі 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатынын айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданы «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытудамыз. Аудандарды дамытуды полиорталық концепциясына көшірдік, бұл - білім беру, медицина, демалыс орындары және т.б. нысандар тұрғындарға қолсозым жерде болуы үшін жасалды. Елді-мекен тұрғындарымен кездесу барысында олар спортпен шұғылдануға, бос уақытын өткізуге арналған орындар салуды сұраған. Биыл Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Железнодорожный елді-мекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін саламыз. Кешендерде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс) полиция бекеттері, пошта бөлімшелері, егде жастағы тұрғындарға арналған клубтар, ХҚО және т.б. нысандар орналасады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері тегін болады, - деді қала әкімі.

Мемлекет елді мекендерді дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөліп отыр. 

Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мысалы, өткен жылы 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың ескі бөлігіне, сондай-ақ бұрын бос, қараусыз қалған жерлерге баса назар аударылды. Осылайша, елорда картасында жаңа ошақтар пайда болды. Биыл оларды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз. 

Сондай-ақ, көктемнен бастап қаланы көгалдандыруды ерекше назарда ұстауды жалғастыра береміз. Мегаполисте экоаймақтар барынша көп болуы тиіс, — деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

 


Өзгелердің жаңалығы