Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
Халықаралық әуежайларда 19 және теміржол вокзалдарында 14 бақылау пункті орнатылған. Жыл басынан бері шетелден ПТР-анықтамасыз келген 28 мыңнан астам азамат карантинге орналастырылды. Мониторингтік топ мүшелерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері олар 144 мың рейдтік іс-шара өткізді. 22 мың карантинді бұзу фактісінің жолы кесілді. Ойын-сауық мекемелерінің жұмыс тәрбін бұзуға қатысты 8,5 мыңға жуық факті тіркелді, оның ішінде 2 мыңға жуық факті той өткізуге қатысты, – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін мысалға ала отырып, жалпыға бірдей вакцинациялау - адамдардың қалыпты өмірін қалпына келтіру мен денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы екенін атап өткен болатын.
ІІМ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус індетімен байланысты барлық қылмыстық көріністерге ерекше көңіл бөледі. Бүкіл ел бойынша ішкі істер органдары жалған ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасауды және пайдалануды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Азаматтардан жалған вакцинация төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын беру фактілері туралы ақпарат жинау үшін ведомствоаралық арнайы жұмыс тобы құрылды. ІІМ және оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтау бойынша тұрақты мониторингтік топтар жұмыс істейді, –дейді ол.