Елімізде биыл 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы аясында орындалды.
Сондай-ақ өңірілерде 2023 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді. 2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету көзделген.