Биыл елде 4 мыңнан астам табиғи және техногенді апат болды

29 Мамыр 2023, 17:45
913
Бөлісу:
Биыл елде 4 мыңнан астам табиғи және техногенді апат болды

Жыл басынан бері елімізде табиғи және техногенді сипаттағы 4 мың төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Біздің министрлік күн сайын еліміздің халқы мен аумағын маусымдық табиғи (қар көшкіні, су тасқыны, селдер, сырғымалар, табиғи өрттер) және техногендік төтенше жағдайлардан (өндірістік авариялар, жарылыстар, өрт және басқалар), сондай-ақ оқыс оқиғалардан (шомылу және жылыту кезеңдері) қорғауды жүзеге асырады, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Айтуынша, министрлік үшін өткен жыл күрделі болған.

Бірақ қойылған барлық міндет орындалды. Қолданылған іс-шаралардың арқасында ТЖ-дан зардап шеккендердің көлемі 8,8 пайызға азайды. ТЖД бөлімшелері 22 мыңнан астам шақыртуға барды. 5 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 1,5 мың азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы