Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімеді.
Оқи отырыңыз:
Ол тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталғанын айтты.
Есепті кезеңде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,9%-ды құрады. Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркеліп отыр, -деді ол.
Оның сөзінше, ауыл шаруашылығында есепті кезеңде өндірістің 2,3%-ға төмендеуі тіркелген. Бұл сала бойынша ең төмен көрсеткіштер Қостанай (14,1%-ға төмендеу) және Ақмола (10,9%-ға) облыстарында байқалуда.
Саладағы өндірістің оң өсуі 9 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті, - деді Ұлттық экономика министрі.