Биыл Астанада қай елді мекендер газға қосылады? – Министрлік мәлімдемесі

Қызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елді мекендеріне газ жеткізіледі.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 20 Ақпан 2026, 11:44
20 Ақпан 2026, 11:44
980
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазір елімізде 13 миллионнан астам адам табиғи газды пайдаланып отыр. Ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетеді деген болжам бар. Өткен жылы бұл көрсеткіш 62,4 %болған еді,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауылдарға газ жетіп жатыр

Өткен жылы 94 ауылға көгілдір отын тартылып, 354 мың тұрғын газға қосылды. Бұл – пеш жағу, көмір тасу, күл шығару сияқты машақаттан құтылған жүздеген мың отбасы деген сөз.

Энергетика министрлігі биыл тағы 40 жобаны іске асыру жоспарлап отырғанын айтады.

Соның нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізеді. Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Жетісу өңірлерін қамтиды. Әсіресе шалғай елді мекендер үшін бұл – көптен күткен жаңалық, - дейді министрлік.

Астанада көмір дәуірі аяқталып келеді

Елордада да газдандыру мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Бүгінде Астана қаласында 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған.

Биыл «Шұбар», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный» және «Garden Village» тұрғын массивтері толық қосылып, қаланы газдандыру жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Ал 2026–2027 жылдары Қызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елді мекендеріне газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам көгілдір отынмен қамтылады.

Наверх