Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылы 3 000 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын, - делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.
Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін НҚА порталында орналастырылған.
2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырған болатын.