Биыл Ақмола облысындағы 80-нен астам елді мекендегі жолдар жөнделеді

15 Маусым 2022, 15:45
1549
Бөлісу:
Биыл  Ақмола облысындағы 80-нен астам елді мекендегі жолдар жөнделеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдан бері Ақмола облысында жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайтын жергілікті маңызы бар жолдар салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 700 шақырымы ауылдық елді мекендердегі жолдарды құрайды. 

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл  Ақмола облысындағы 80-нен астам елді мекендегі жолдар жөнделеді

Биылғы жылы Ақмола облысы аумағындағы 80-нен астам қала мен ауылдағы көше-жол желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде елорда маңындағы Қосшы қаласы мен Жібек жолы кенті, Қоянды, Қараөткел, Талапкер, 42-Разъезд, Жалтыркөл, Қаражар, Ы. Алтынсарин, Софиевка, Қызылжар, Тайтөбе, Волгодоновка, Бозайғыр, Ключи, Қызылсуат, Отаутүскен, Мәншүк ауылдары бар. Қазіргі күнде жол негіздері мен науаларды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Биыл  Ақмола облысындағы 80-нен астам елді мекендегі жолдар жөнделеді

Сондай-ақ өңірдегі «Жалтыр – Макинск», «Атбасар – Сочинское» және «Есіл – Свободное – Раздольное» автокөлік жолдарында үш көпір салу бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін көпірде 100 баған орнатылып, демонтаж жұмыстары орындалды.

Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы тапсырыс берушінің, арнайы техникалық қадағалау ұйымының және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның тұрақты бақылауында.

Жоғарыда аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 87 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы