Биыл Алматының индустриалды аймағында 10 жоба іске қосылады

29 Сәуір 2021, 14:34
1902
Бөлісу:
Биыл Алматының индустриалды аймағында 10 жоба іске қосылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының Индустриалды аймақ директоры Әділ Амралин онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылы Индустриялды аймақта 10 өндіріс орынды іске қосу жоспарланған. Ақпан айында бірінші кәсіпорын, яғни мыс және алюминий созба сым шығаратын зауыты іске қосылыпты.

Бұл «KMK Investment ЖШС-нің екінші жобасы. Оның қуаттылығы – жылына 25 000 тоннадан астам өнім шығарады, 80 жұмыс орны құрылды. Жобаның құны - 11,3 млрд теңге. 2018 жылы бұл мекеме кабель шығаратын кәсіпорынды іске қосқан. Биыл сондай-ақ тағы тоғыз мекеме өз жұмысын бастайды. Оның ішінде газаблок шығару, медициналық қажеттіліктер шығару, радиатор және үлкен диаметрлі құбыр шығару өндірістері бар,-дейді директор.

Бұл өндіріс орындарын ашуға 40 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде 800 жұмыс орны ашылмақ. Оның үстіне аталған жобаларды іске асыруда бүкіл қала экономикасының дамуына қолайлы мультипликативті нәтиже бермек. Бұл белсенділігі төмен аудандарда жұмыс орындарын құру, салық салынатын базаны ұлғайту және өнеркәсіптік өндіріс пен ШОБ саласының өсуі арқасында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін көрінеді.


Қазір барлық кәсіпорындар іске асырылудың әр түрлі кезеңдерінде. Біреулерінде инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп жатса, басқаларында жабдықтарды іске қосу-баптау, үшіншісінде - ішкі және сыртқы әрлеу, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде,-дейді Әділ Әміралин.

Сондай-ақ ол Алматының индустриалды аймағында 2025 жылға дейін 29 жоба іске асырылытаныны айтты. Оған 81,1 млрд теңге тарту жоспарланған. Соның нәтижесінде 3329 жұмыс орны құрылады.


Бүгінгі таңда индустриалды аймақта жалпы сомасы 75 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып жатыр. 2 248 жұмыс орнын құрылған және 99,6 млрд теңгенің өнімі өндіріледі. Бұл кәсіпорындар: «BRB APK», «Almapack», «DOC Co.LTD», «TOKYO ROPE ALMATY», «KMK Investment» - бірінші және екінші кезеңдер, «KazTigerTape», «ЭНКО», «ASSET», «Техновид», «МПЗ Бижан», «ДорХан-Алматы», «Алмерек», «Hyundai Trans Kazakhstan»,-деді ол.

Алматының Индустриалды аймағының жалпы аумағы 490 гектарды құрайды. Бүгінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 222 га бөліген, оның74 га іске асырылған жобалар, 148 га жүзеге асырылып жатқан жобалар, ал, 104 га әзірге бос.



Өзгелердің жаңалығы