Биыл алғашқы қоңырау жексенбі күні өтеді

6 Тамыз 2024, 11:47
423
Бөлісу:
Биыл алғашқы қоңырау жексенбі күні өтеді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл 1 қыркүйек жексенбі күні өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл күнтізбеде 1 қыркүйек жексенбіге күнге сәйкес келіп тұр.

Министр оқу жылының басын дәстүрлі әрі маңызды күн деп атады.

1 қыркүйек - дәстүрлі маңызды күн. Жыл сайын балаларға арналған салтанатты іс-шаралар өтеді. Биыл да Білім күніне арналған салтанатты шара, линейка өтеді, - деді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, бұған дейін министр биыл қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатынын айтқан.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артып отыр. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биылда 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажетті көмекпен қамту көзделген. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаржы қарастырылып отыр, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы