Биыл Ақтоғай ауданында 20 жаңа кәсіпорын ашылды

25 Қыркүйек 2019, 22:10
1677
Бөлісу:
Биыл Ақтоғай ауданында 20 жаңа кәсіпорын ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 айы ішінде Павлодар облысының Ақтоғай ауданында «Бастау» жобасы бойынша 81 адам кәсіпкерлікке оқытылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директорының есептік кездесуі барысында айтылды. Іс-шараға өңірлік кәсіпкерлер палатасы және аудан әкімдігінің басшылығы, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Кәсіпкерлікке оқыған 81 түлектің 29-ы 136 миллион теңгеге несие алды. 40 тыңдаушы құрал-жабдық, трактор, автомашина, ірі қара, ұсақ мал, жылқы сатып алуға және айналым қаражатын толтыру үшін грант алған. Кепілдендіру және кәсіпкерлерді сервистік қолдау шаралары белсенді қолданылуда. Бұл шараларды бизнесті оқыту және қаржы сауаттылығын ұйымдастыру арқылы сүйемелдейміз», - деді Нариман Рахымжанов.

Мәселен, грант алғандардың қатарында жеке кәсіпкерлер Мәукен Дархан монша, Дамир Қаппасов шаштараз ашса, Максим Христодоров ТЖО құрылысын бастады. «Бастау» жобасының тағы бір түлегі Ләззат Қонақбаев Ақжол ауылында кілем жуу бойынша жеке кәсіп ашты.

2019 жылдың 8 айы ішінде Ақтоғай ауданында 20 кәсіпорын ашылса, оның ішінде 4 шаруа қожалығы, 16 жеке кәсіпкерлік бар. Таңдалған бағыттар: сауда, жолаушылар тасымалы, қызмет көрсету. Айта кетейік, палатаның өңірлік филиалы 150 млн теңге сомасында жобаларға сүйемелдеу көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы