Астана, BAQ.KZ. Биыл Жастар жылына байланысты 22 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров баспасөз конференциясында айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға квота бөлініп, 956 адам жұмысқа орналастырылады.
«Жастар жылына байланысты 7,7 миллиард теңгеден бөлек қосымша қаржы бөлінеді. Кешенді жұмыстар жаңа бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Оның ішінде жастар практикасы, қысқа мерзімді жұмыстар бар. Жастарды жұмыспен қамту бойынша қанша қаражат бөлінетіні алдағы уақытта белгілі болады», - дейді Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.
Былтырдан бастап еңбек биржасының электронды порталы жұмыс істеп келеді. Портал арқылы мамандық бойынша бос жұмыс орындарын анықтауға болады.